457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қор нарығында доллар арзандады

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 501,31 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,94 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 501,31 теңге.

Ұлттық банктің 12 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 522,43.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 506 теңге. Еуро 520 — 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 501 теңге, сатып алу құны — 507 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,24 - 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Фото: Жансерік Күзембай