Ресей банктерін Қазақстан құтқара ма?

Malim Админ

  • 11.05.2022

Ресей қор нарығы өткен айдан бері жабық. The Wall Street Journal сарапшылары мұны әлемдік нарық тарихындағы ең ұзақ үзіліс деп жазды. Ресей мен Украина арасындағы саяси шиеленіс күрделеніп, әскери қақтығыстар басталған күннен бастап Мәскеу қор биржасының индексі 33% төмендеді. Акция саудасы тоқтатылды. Лондон қор биржасында сатылатын ресейлік акциялар 90%-ға арзандады. Шетелдік ірілі-ұстақты компаниялардың Ресейден кетуі әлі де жалғасып жатыр. Бизнестегі ірі жобалардан бас тартып, жоспарларын кері қайтарып жатқандары аз емес. Рубль бұрынғыдан едәуір құнсызданып кетті.  Қазір мамандар Ресей дефолт қаупімен бетпе-бет келді дегенді жиі айтып жүр. Халықаралық рейтинг агенттіктері Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін дефолтқа жақын деп көрсетті. Сарапшылар Мәскеудің қарыз міндеттемелерін өтей алатынына күмәнмен қарайды. Оған қоса санкциялардың «деструктивті» әсерін күтіп отыр. Алайда Ресей Қаржы министрлігі егемендік қарыздарын толық және уақытылы өтейтінін, бірақ рубльмен төйлейтінін ескертті.

«Қаржы тапшы емес, төлемдерді өткізуге техникалық мүмкіндік жоқ. Бұл жүз жылдан бергі Ресейдегі ең ірі дефолт болуы мүмкін. Қарапайым тілмен айтсақ, Ресейдің ақшасы бар, бірақ оны жұмсай алмайды, өйткені дағдарыстан шығу үшін жинаған қаражат қоры АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және Канада банктерінде бұғатталды. Қазіргі жағдайдың 1998 жылғы дефолттан басты айырмашылығы, ол кезде мемлекеттің міндеттемелерді өтеуге қажетті қаражаты болған жоқ», – дейді экономист Максим Чирков.

Ресей Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина ел үшін дефолт қаупі жоқ деп есептейді. «Ресейде барлық қажетті қаржылық ресурстар бар. Ешқандай дефолт бізге қауіп төндірмейді», – деді 21 сәуірдегі Мемлекеттік Думаның отырысында. Сонымен қатар, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Ресейдің нақты дефолтқа негіз жоқ екенін, өйткені елдің өз қарыздарын төлеуге мүмкіндігі бар екенін айтқан. Алайда Батыс БАҚ беттерінде 21 сәуір күні «Ресей егеменді дефолтқа ұшырды» деген ақпарат шықты. Ресей халықаралық міндеттемелерін доллармен өтей алмаса, Ресейдің егемендік дефолты техникалық тұрғыдан 4 мамырда басталады. Бұл туралы The Wall Street Journal мақаласында айтылған, деп хабарлады Deutsche Welle басылымы. 6 сәуірде Ресей JPMorgan Chase & Co-дан кейін долларлық облигацияларының иелеріне рубль бойынша пайыз төледі.

Ресей Орталық банкінің шоттарынан 649 миллион доллар сомасында төлем жасаудан бас тартты. Бұл аккаунттар Ресейдің Украинаға әскери басқыншылығы үшін салынған санкциялардың бір бөлігі ретінде бұғатталған. Бірақ бұл облигациялар бойынша келісім-шарттарда пайыздарды доллардан басқа валютада төлеу мүмкіндігі қарастырылман. Егер Ресей 4 мамырда аяқталатын жеңілдік мерзімі аяқталғанға дейін АҚШ валютасындағы міндеттемелерін өтей алмаса, «бұл дефолт ретінде қарастырылуы мүмкін», – дейді Moodys сарапшылары. Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Батыстың Ресейге қарсы санкциялары апта сайын ел экономикасына тереңдеп бара жатқанын, сондықтан дефолтқа ұшырау уақыт мәселесі екенін айтқан болатын.

Ноу-хау

Дефолт қарапайым жұрт үшін ноу-хау болуы да мүмкін, өйткені мұндай жағдай біздің басымыздан өткен жоқ. (Өтпей-ақ қойсын!). 2018 жылы жарыққа шығып, көрермен ықыласына бөленген Оңтүстік Корея елінің кинорежиссері Чхве Гук-хидің «Дефолт» фильлімінде бұл жағдай жақсы көрініс берген. Сол арқылы да біраз жайтқа қаныққан едік. Алайда шынайы өмірдегі дефолт деген не? Осыған аз-кем тоқтала кетсек. Дефолт – міндеттемені орындамау немесе келісімді орындамау, яғни уақытылы пайыздық немесе негізгі қарызды әлде келісімшарт бойынша шығарылған облигациялық (міндеттеме) қарызды төлемеу дегенді білдіреді. Дефолт – деп міндеттемесінің барлығын немесе бір бөлігін орындауға қабілетсіз компания, жеке тұлға немесе мемлекет жариялай алады. Бір жағынан дефолт уақытша қаржылық қиыншылыққа тап болған компанияның қорғаушы механизімі болса, екінші жағынан кредиторларды компанияның қарыз төлемеуінен қорғайды. Алайда дефолт терминін қабілетсіздік пен банкроттық терминінен ажырата білу керек. Бір сөзбен айтқанда, «Дефолт» термині негізінен қарыз алушы қарызын міндетті төлеу керек қарызын төлеген жоқ дегенді білдіреді. «Қабілетсіздік» заңды термин ол қарыз алушының қарызын төлеуге қабілетсіз екенін білдірсе, «банкрот» термині қаржылық істер соты кімді кабілетсіз немесе дефолт деп таныса, соның заңды айғағы. Мұндай жағдай тарих практикасында бар. Біршама мемлекеттер және әлемдік бизнестің гранттары бір кездері техникалық дефолт жағдайында болған. Мәселен, 1998 жылы 17 тамызда Ресей өкіметі бірқатар міндеттемесін төлеуін тоқтатты. Ал 2001 жане 2014 жылдары дефолт Аргентинада, Мексикада – 1994 жылы, Уругвайда – 2003 жылы, Солтүстік Кореяда – 1987 жылы болды. Ал ауқымды жоғарғы дефолт – 2012 жылдың наурыз айында Грекияда $ 138 000 000 000 болды. 1998 жылы Ресейдің ішкі міндеттерің атқара алмаудан дефолт жариялауын немесе 2002 жылы Аргентина елі  Дүниежүзі Банкінен несиеге алған бір миллиард АҚШ долларын қайтара алмай, дефолтқа ұшырағанын айтуға болады. Мамандардың пайымдауынша дер кезінде өткізілмеген жобылы дефолт несие берушілер мен көрші мемлекеттер экономикасына үлкен зардабын тигізуі мүмкін дейді.

Сбер, Альфа һәм ВТБ

Ресейге санкциялар легі әлі жалғасып жатыр. Батыс елдері күн ара жаңа санкция жариялап, Ресей экономикасы мен қаржы секторын күйретпей тынбайтын сыңай танытты. Бұл шектеулер – соғыс тоқтап, ел бейбіт күнге оралды деген күннің өзінде оңайлықпен алына қоюы екіталай екені де түсінікті. Сонымен әлгі санкциялардың салқыны біздің нарықта жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктерді де қысты. АҚШ 6 сәуірде Ресейдің екі банкі – «Сбербанк» пен «Альфа-Банк» АҚ-ға қатысты санкциялар ауқы­мын күшейтті.

13 сәуір күні Halyk Bank пен Сбербанктің біздің елдегі еншілес банкі келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, цессия шарты бойынша бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігі сатып алынды. Яғни «Сбербанкте» ресімделген кредиттердің бір бөлігі Halyk Bank-ке өтеді. Қазақстан даму банкінде жеңіл­дікпен кредит беру бағдарламасы бойын­ша ресімделген автокредиттердің бір бөлігі, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға арналған қарыздардың және ипо­текалық кредиттердің бір бөлігі кіріп отыр. Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 330 млрд теңге.

OFAC Альфа-Банкпен 2022 жылғы 6 мамырға дейін, Сбер­банк­пен 2022 жылғы 13 сәуірге дейін мәмілелер аяқтау мерзімін белгіледі. Демек осы екі банктің клиенттері АҚШ дол­ла­рымен төлем және аударым операцияларын жасай алмайды. Әйткенмен ұлттық валюта арқылы банк ішіндегі операция­лар­ды ешқандай шектеусіз жүзе­ге асыра бермек. АҚШ билігі санкцияға ұшы­ра­ған қазақстандық «Сбер­банк» пен Sberbank Europe AG-ға операцияларды аяқтау үшін үш ай уақыт беріп отыр. АҚШ шетелдік активтерді ба­қы­лау басқармасы жария­лаған бас лицензия 2022 жыл­дың 12 шілдесіне дейін Ресей «Сбербанкінің» еншілес ұйым­дарымен операцияларды қыс­қар­туға мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар Sberbank CIB USA үшін де арнайы лицензия бар. Ол бо­йынша келісімдерді аяқ­т­ауға 7 мау­сымға дейін уа­қыт бар.

Әрине, ресейлік банктердің шайқалуы оның клиенттерін де бей-жай қалдырмайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентті­гінің хабарлауын­ша, қа­зір­­дің өзінде қазақстандықтар атал­ған үш банктен 1,82 трлн тең­гесін қайтарып алған. Кли­ент­­­­тердің жаппай теріс ай­налуы және дүркін-дүркін соқ­қан санкция банк қызметіне де кері әсер етеді.

Егер Ресей сыртқы берешектерін қайтарудан мүле бастартып, кең көлемде дефолт жарияласа біздің елдегі Ресейлік банктерге несие төлеушілер не істейді? Дефолт заңдылығы бойынша келісім-шарттар бұзыла ма деген сұрақ туындап үлгергенше біздің елдің екінші деңгейлі банктер Ресей банктерін бұл тығырықтан шығарып жібергендей болды. Ал бұл жағдай қандай негізге сүйеніп жасалды дегенге біршама зерттеу жасап көрдік. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы заңдарды, келісім шарттарды қарадық. 2014 жылғы 29 мамырда ратификацияланған (Астанада жасалған) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (118-бап XXVIII бөлімнен тұрады) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережелер және хаттамаларды сүзіп көрдік. Онда да банк немесе дефолттық, форс-мажор жағдайы жайлы мүлде жазылмаған.

Сонымен Қазақстанның екінші деңгейлі банктері санкциялардан сансыраған Ресей банктерін қандай заңдық негізде құтқарып қалмақ? Осынау бізді толғандырған сұрақтың жауабын экономист маманнан сұрап көрген едік.

Ресей дефолт жариялауы мүмкін

Мақсат ХАЛЫҚ, экономист:

– Ресейде дефолт болады деген сөз көптен айтылып жүр. Бірақ байқаумызша, дефолттың ауылы әлі де алыста сияқты. Өйткені Батыс елдері Ресей мұнайынан әлі бастартқан жоқ. Қаншама санкцияларға қарамастан, Ресей рублі өзіндік құнын сақтап отыр. Ол резревте әлі де қор бар деген сөз. Ресей сыртқы берешектерін еуро немесе доллармен төлемейміз, тек рубльмен қайтарамыз деп отыр. Яғни мүлде бас тартқан жоқ. Бірақ алда мақсатты түрде Ресей дефолт жариялауы да мүмкін.

Ал оның біздің елдегі нарыққа қандай зияны бар? Мысалы, Ресейден осыған дейін өте көп ірі компаниялар кетіп қалды. Біз бұған дейін сол компаниялардың өнімін тұтынып келдік. Қазір сол өнімдер келіп жатқан жоқ. Тиісінше, біз өзге логистикалық байланыстың жолдарын қарап, басқа елдермен байланыстар орнатып жатырмыз. Қазір біздің қымбатшылыққа тап болып жатқанымыз осыдан.

Енді ресейлік еншілес банктерге келсек, оларды Қазақстанның екінші деңігейлі банктері сатып алып жатыр. Сбербанктің  кредиттік портфелін Халық банк сатып алса, Альфа-Банкті ЦентрКредит сатып алды. Қазір ребрендиг жасап Эко Банк болып өзгеріп жатыр. Ресей банктерінде несиесі бар клиентер бұрынғыдай отандық банктерге төлейді.

Ал бұл қандай заңдылыққа сүйене отырып, жүзеге асты деген сұраққа келсек, ол – оп-оңай. Бұл – бизнестік кәсіпкерлік заңдылығы. Бұған дейін Сбербанк кленттерінің көбі кәсіпкерлер. Ірі бизнестік кредиттік портфелі болған. Көп бизнес ортамен жұмыс істеген. Кәсіпкерлерге жол ашу болды олардың негізі бір жұмысы. Сол арқылы табыс тауып отырды. Ал ЦентрКредит Альфа-Банкті алу арқылы ұтып тұр. Бұл жерде таза коммерциялық мүдде, басқа ештеңе жоқ.

Егер біздің екінші деңгейлі банктер олардың кредиттік портфелін сатып алмаған жағдайда Ресей банктері расында құрдымға ұшырайтын еді. Бірақ банктер қалай да бір жолын табады. Өйткені біздің елде проблемалық несиелермен жұмыс істейін ұйым бар. Сонау БТА бакнтен қалған несиелерді жинаған. Соларға өткізіп кетуші еді.

Байланысты жаналықтар

Астана мен Алматыдағы доллар бағамы

27.09.2024

Доллар мен еуро неше теңгеден саудаланып жатыр?

26.09.2024

Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль неше теңгеден саудаланып жатыр

23.09.2024

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

05.09.2024

Доллар мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр?

04.09.2024

Ақша айырбастау пункттерінде доллар мен рубль қаншадан сатылады?

29.08.2024
MalimBlocks
Астана мен Алматыдағы доллар бағамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477 - 481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Доллар мен еуро неше теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,9 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль неше теңгеден саудаланып жатыр

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 478,02 теңге

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,1 теңгеден сатылып жатыр

Доллар мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 480 теңге

Ақша айырбастау пункттерінде доллар мен рубль қаншадан сатылады?

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге