Салық реформасы инвестициялық ахуалды жақсартады

  • 21.04.2021

Кез келген мемлекетке инвестиция керек.Ал инвестиция тартушы, инвестиция құюшы мемлекеттерге ең бастысы салық жүйесі түсінікті болуы шарт. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің бүгінгі онлайн отырысы осы қарапайым қағиданы қайта қайта еске салып отырды.  Бұл кеңестің тізгінін ұстаған, отырысты жүргізген премьер-министр Асқар Мамин жүріп жатқан реформалардың соңында салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын және Қазақстан экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту көлемі одан әрі арттыруға ықпал ететінін айтып өтті. «Біз Қазақстанның айқын әрі ашық салық жүйесі бар сенімді және болжамды мемлекет ретіндегі халықаралық ұстанымын одан әрі нығайту бойынша ұсынымдардың тиімді орындалуын қамтамасыз етеміз», - деді А. Мамин.

Үкімет жетекшісінің осылайша халықаралық деңгейде сөйлеуінің бар себебі Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің бұл отырысына Қазақстандағы Канада елшісі Николя Бруссо, Еуропалық Одақ елшісі Свен-Олов Карлссон, АҚШ  істеріндегі уақытша сенімді өкіл Теодор Линг, Ұлыбритания істеріндегі уақытша сенімді өкіл Джонатан Лейфилд, сондай-ақ EY, Exxon Mobil, Deloitte және де басқа халықаралық компания өкілдерінің қатысып, баяндама жасауы еді.
Олардың баяндамалары негізінен Қазақстандағы салық саясатын жетілдіру болашағы мен мүмкіндігі, корпоративтік салық салудың жаһандық стратегиялары және олардың қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудағы рөлі  болды.  Халықаралық мамандардың ел ішіндегі салық саясатына қатысты сұрақтарына Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов жауап беріп, түсіндіріп отырды.  Шетелдік мамандардың сөзінше, Қазақстан салықтық әкімшілендіру реформасын жүргізуде жағымды әсер қалдырады. Осы үрдістің одан әрі тұрақты жалғасарына сенім білдірген олар Қазақстан фискалдық жүйесінің жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын да айтып өтті.

Премьер-министр Қазақстан экономикасы мен мүддесіне тиімді ұсыныстардың ешқайсысынан бас тартпасын жеткізді.  

 «2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасының нақты секторы қарқынды дамыды. Өсім өңдеу өнеркәсібінде (+7,5 пайыз), құрылыста (+13,1 пайыз) және ауыл шаруашылығында (+2,8 пайыз) байқалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 34 пайызға жетті.  Сауда мен көлік саласын қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер секторында да оң динамика байқалады», –деді А. Мамин.

Сондай-ақ, премьер-министр ХВҚ-ның әлемдік экономикаға сәуір айында жасаған шолуына сүйеніп, 2021 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өсімінің болжамы 3,0 пайыздан 3,2 пайызға дейін жақсарғанын атап өтті. Бұл жетістікке жету әрине, үкіметтің дағдарысқа қарсы атқарған шараларың арқасында екені анық. Айтпақшы,  Moody's, Fitch және Standard&Poor's жетекші рейтинг агенттіктері де пандемияға дейінгі рейтингтерді растап,  Қазақстан экономикасының дамуында 3,2-3,8 пайыз аралығындағы оң болжамын жасады. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте осы деректерді алға тартқан премьер-министр кеңеске қатысшы шетелдік өкілдерге Қазақстан экономикасы қазіргі әлемдік дағдарысқа қарамастан инвестиция салуға қолайылы әрі сенімді аймақ екенін жеткізді.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

21.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

21.02.2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

21.02.2025

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

21.02.2025

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

21.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты