Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Салық түсімінің азаюы бюджет жоспарының орындалмауына әсер еткен

Экономика
Салық түсімінің азаюы бюджет жоспарының орындалмауына әсер еткен

Биылғы 11 айда мемлекеттік бюджетке 19 трлн теңге түсті немесе жоспар 90 пайызға орындалды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында баяндады.

Оның ішінде республикалық бюджетке 11,8 трлн теңге немесе жоспардың 82% түсті. Жоспардың орындалмауы салықтар бойынша түсімдердің азаюына байланысты болды, ол 76%-ға атқарылған.

− Жоспардың орындалмауының негізгі себептері: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 айда үшінші елдерден импорт көлемінің 6,4%-ға немесе 2,3 млрд АҚШ долларына азаюы және негізгі экспорттық металлдар бағасының арзандауы. Өз кезегінде 602 ірі салық төлеуші бойынша аванстық төлемдер сомасы 27%-ға немесе 267 млрд. теңгеге азайды, − деді Е. Біржанов.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 2,5 есе ұлғайып, 981 млрд теңгені құрады. Соған қарамастан, салықтар бойынша атқарылмау көрсеткіштері салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен өтелді.

− Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 108%-ға атқарылды және 7,2 трлн теңгені құрады. Жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда кірістер 26,5%-ға өсті немесе 1,5 трлн теңгеге көп түсті, - деп түсіндірді вице-министр.

Фото:  Pixabay

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу