457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 млрд теңге қайда жұмсалды

ТЖМ мәліметтері бойынша, барлық бөлінген қаражат су тасқынына қарсы күреске жұмсалады, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ вице-министрі Бауыржан Сыздықовтан журналистер Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңгені қайда жұмсағанын сұрады.

Мен түсіндіргім келеді, іс жүзінде 7 млрд теңге бөлінбеген. Қарастырылған. Оны дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделеді. Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпараты бойынша бұл ақшадан 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық қаражат су тасқынына қарсы күреске жұмсалады, - деді вице-министр.

14 наурызда брифинг барысында ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті басшысының міндетін атқарушы Алтай Мырзабаев жергілікті атқарушы органдар бүкіл ел бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлгенін айтқан еді.

Фото: интернеттен