Су тобына қосылғаннан Қазақстанға су келе ме?

  • 15.06.2023

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, вице-министр Ғ.Азидуллин  Венгрияның Қазақстандағы елшісі Отто Иван Ронамен кездесіп,  еліміздің Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына (Water Resources Group 2030) қосылуы мүмкіндігін  талқылапты.

Дүниежүзілік Банктің су көздеріне қатысты бұл жұмыс тобы немен айналысады? Оған мүше болғаннан Қазақстанға келіп кетер не пайда бар?

Алдымен, елдегі жағдайға назар аударайық. Орталық Азия оның ішінде Қазақстан жыл өткен сайын судың машақатын тартатын болады. Елдегі кез-келген өзен, көл құрғап кеткен Аралдың кебін киюі әбден мүмкін. Сондықтан, су тақырыбы Қазақстан үшін өте шетін мәселе. Судың жыры экологияны ғана емес, экономикасы да қозғайды.

Жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы орында деп мақтайтын қазақ даласы  төрт мұхиттан алыста жатыр, ол аз болса,  бірде бір теңізге шетін тигізбейді.

Сондай-ақ, Қазақстан көлдеріне су құятын өзендердің басым бөлігі шекаралық өзендер. Шығыс, оңтүстік, солтүстік-батыстағы өзен-көл толықтай көршінің қабағына бағынышты. Ал ол көршілер суды көп игеретін болса, бізге келетін су қоры да азая береді. Мұның бәрі түсінікті. Ал Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына мүше болсақ, трансшекаралық өзендердегі су көбейіп кете ме?

Жоқ. Бірақ, вице-министр Ғ.Азидуллиннің бізге түсіндіруі бойынша,

Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосылуы еліміздегі экономиканың барлық салаларында суды тиімді және ұқыпты пайдалануда әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Мұндай мүмкіндік шынымен келсе, ол айтарлықтай табыс болар еді.

Неге десеңіз, басқасын айтпағанда өзен-суы мол Алматы мен Жетісу облыстары дәнді-дақылдарына су жеткізе алмай отыр. Немесе Сарыарқа даласына қыстай жауған қардан пайда жоқ. Күн күрт жылыса болды, қашқан сел елді азаптайды. Яғни, біз қолда бар суды тиімді пайдалана алмаймыз. Одан бөлек, елдегі көптеген кәсіпорындар суды ысырапсыз пайдаланады. Қайта өңдеп, қолдану дегенді білмейді. Ал тірі су жоқ Израиль мемлекеті ғылыми жетістігі мен озық технологияның арқасында өлі сумен бүкіл мемлекетін асырап отыр.

Айтпақшы, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосулы жұмыстары тиісті министрліктер арқылы тиянақты жүріп жатқанын айтып өтті.

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да жағаға жете алмаған туристер құтқарылды (ВИДЕО)

08.09.2024

Грекияда өртенген арал: Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады

01.07.2024

Грекиядағы өрт: СІМ ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді

24.06.2024

Қазақстандық туристер Грекиядағы туристік аралды өртеп жіберді

23.06.2024
MalimBlocks
ШҚО-да жағаға жете алмаған туристер құтқарылды (ВИДЕО)

Олар Гусинный аралына резеңке қайықпен жүзіп барған

Грекияда өртенген арал: Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады

Ол өртке себеп болған отшашулар атылған Persephoni I яхтасын жалға алғанын мойындады.

Грекиядағы өрт: СІМ ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Грекияның Гидра аралында яхтада демалған қазақстандық туристер өрттің шығуына себеп болды деген ақпар тараған.

Қазақстандық туристер Грекиядағы туристік аралды өртеп жіберді

Олар яхтадан отшашу атқан