Кіші Арал суы 42%-ға артты

Теңіз суының тұздылығы 4 есеге жуық төмендеген

Мәди Саматұлы

  • 13.01.2025

Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезең қорытындысы бойынша теңіздегі су көлемі 42%-ға артып, 27 млрд текше метрге жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, осының арқасында теңіз суының тұздылығы 4 есеге жуық төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жеткен.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында министрлік «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын әзірлеп жатыр. Жоба негізгі 3 негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.

Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы Аралға 2,6 млрд текше метрге жуық су жіберді. Оның ішінде суару кезеңінде рекордтық көлем – 1 млрд текше метр су барды.

Бұған Сырдария суын сауатты бөлу және оны үнемдеудің нәтижесінде қол жеткен. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген еді.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

06.04.2025

Каспий тартылып барады: апат ауқымы айтылды

22.03.2025

Еліміз көктемде 11 млрд текше метр су алатын болды

30.01.2025

Әлемдегі ең үлкен айсберг аралға жақындап келеді

26.01.2025

ШҚО-да су электр станциялары каскады салынбақ

09.01.2025

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

13.12.2024
MalimBlocks
Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

Құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты

Каспий тартылып барады: апат ауқымы айтылды

Саяхатшы-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің бірнеше жыл бойы түсірілген кадрларын жариялады

Еліміз көктемде 11 млрд текше метр су алатын болды

Ол су Орталық Азия елдерінен келеді

Әлемдегі ең үлкен айсберг аралға жақындап келеді

Оның ауданы шамамен 3672 шаршы шақырым

ШҚО-да су электр станциялары каскады салынбақ

Су ресурстары министрлігі стратегиялық құрылыстар тізбесін көбейтпек

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар