Тариф бағасын негізсіз өсірген операторларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Тариф қымбаттатқандарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Malim Админ

  • 18.03.2025

Елімізде Kcell, Tele2, Beeline сияқты үш ірі байланыс операторлары жұмыс істейді. Алайда кейінгі жылдары операторлардың қызметіне байланысты шағым көп түскен. Тариф бағасын негізсіз өсірген операторларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz Ult.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгінде тариф бағасының қымбаттауы басты мәселеге айналып отыр.

«Біз нарықты талдап, тарифтердің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Кейінгі екі жылда байланыс операторларының барлығы тарифтерін көтерді. Қазір біз олардың арасында баға бойынша сөз байласу дерегін тексеріп жатырмыз. Тарифтердің бір мезетте және жаппай өсуінен бәсекелестік заңнамасының бұзылуы болуы мүмкін, сондықтан тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов.

Сонымен қатар, агенттік бір оператордың монополиялық жоғары тарифтерді белгілеуі мүмкін екенін анықтады. Осыған байланысты бөлек тергеу жүргізілуі мүмкін.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады