Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Malim Админ

  • 21.02.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов президенттің қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz. 


Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты.

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтіледі.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралуда. Осылайша, азаматтық қорғау жөніндегі заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады, тиісті қызметтердің функцияларын беру арқылы өндірістік бақылауға қойылатын жекелеген талаптар күшейтілуде, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген.

Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-ӨҚК» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Премьер-министр өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы бақылау тетігіне ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚМ және ЕХӘҚМ-мен бірлесіп, тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік нысандар меншік иелері мен басшыларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігі іс-шараларын уақтылы қаржыландыру үшін жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен жұмыстарын жүргізу жоспарларына талдау жүргізуі қажет.

Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар министрліктері газдар шығарындыларымен байланысты тәуекелдерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыздандыру нормативтерін әзірлеуі қажет.

ЦДИАӨМ отандық IT-мамандармен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады