457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды

Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада Премьер-Министрдің өкімімен Жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре – бүгін, - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.

Шетелдік инвесторлардың негізгі тілектерінің бірі – “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсету, инвестициялық цикл бойы қолдау және сервистік қызмет көрсету. Алматы облысының әкімдігі мен СІМ Инвестиция комитеті Алатауда осыған сай экожүйе құруы қажет, — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімдігі резервтегі (өнеркәсіптік) «Арна» аймағында негізгі жобаларды анықтады. Қазірдің өзінде Алатауда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, Dolce-Group, Hyundai Green Food және TBEA сияқты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Жақын «Alatau» АЭА-ның алғашқы қатысушыларын тіркеу күтілуде. Алматы облысы делегациясының Қытайға, оның ішінде Шэньчжэньге әлеуетті инвесторлармен кездесу үшін сапары жоспарланған.

Фото: Үкімет