Жолды жөндеуде цифрлық теңге қолданылатын болады

Арман Қайыпхан

  • 08.04.2025

Жоба мамыр айында басталып, оған бөлінген қаржының 100 миллион теңгесі цифрлық белгімен таңбаланды, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, бұл жобада цифрлық теңге жүйесін пайдалану бойынша пилоттық жоба енгізілген. Жолды жөндеу жұмысына "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ тапсырыс берген, ал мердігер ұйым – "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС.

"Жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Оның 100 миллион теңгесі цифрлық белгімен таңбаланып, ұлттық валютаға айырбасталды. Бұл сома құрылыс материалдарын жеткізетін "Нақзат" ЖШС-ға аударылды", — дейді Нұрлан Жахин.

Құрылыс материалдары теміржол арқылы Мұқыр станциясына жеткізілмек. Биылғы сәуір айында стансаға 45 вагон материал жеткізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта стансада 30 вагонға арналған теміржол тұйығы, жұмыс күші мен арнайы техника дайын. Сондай-ақ, материалдарды түсіру алаңы жарықтандырылып, қоршалған. Нысан құрылыс техникасымен толық қамтамасыз етілген.

"Шарт 2024 жылдың қарашасында жасалып, жұмыс 2025 жылдың соңында аяқталады. Жол құрылысы мамыр айында басталады. Бұл жоба өңірлік департаменттің бақылауында болады, өйткені цифрлық теңге платформасы бюджет шығыстарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Пилоттық жоба аясында бөлінген қаржы толық бақылауда болады. Бұл барлық кезеңдерде бюджет қаржысын мақсатты пайдалану кепілдігін береді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алады", — деп атап өтті Нұрлан Жахин.

Оның айтуынша, таңбаланған цифрлық теңге тек жобада көзделген міндеттемелерді орындауға жұмсалады. Мұндай қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа қажеттіліктерге бағыттау мүмкін болмайды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Қазақстанда 8 сәуірге белгіленген доллар бағамы белгілі болды

08.04.2025

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

06.04.2025

Доллар бүгін қанша теңгеден сатылып жатыр?

05.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Қазақстанда 8 сәуірге белгіленген доллар бағамы белгілі болды

Қазақстанда 8 сәуірге белгіленген доллар бағамы белгілі болды

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,5 теңгеден сатылып жатыр

Доллар бүгін қанша теңгеден сатылып жатыр?

Астана мен Алматы қалалары бойынша долларды сату бағамында айырмашылық бар