Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде Amazon спутниктік интернеті қосылады

Қоғам
Елімізде Amazon спутниктік интернеті  қосылады

Елдегі жоғары сапалы интернет желісін кеңейту жоспары туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді.

 Үкімет отырысында министр баяндаған слайдта көрсетілгендей, Kuiper (Amazon) интернетін Қазақстанда 2027 жылы енгізу жоспарланып отыр. 

Аталған жаңашылдықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен нақтылаған едік. 

Өткен жылы қыркүйекте министрлік Kuiper (Amazon) компаниясымен спутниктік байланыс қызметін ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Биыл дайындық жұмысы жүріп жатыр, — деген жауап алдық ведомстводан.

Айта кетсек, биыл тамызда Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды.

Фото: Freepik

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу