Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Қоғам
Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған qoldau.gov.kz ресурсы іске қосылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталық коммуникация қызметі директорының орынбасары Александр Белиловскийдің айтуынша, мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. ТЖ аясында адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзмен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды, - деді ол.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу