freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілмек

Қоғам
Енді ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілмек
magnific.com

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ауыр жүк көліктері жолдарды бір маусымның ішінде бүлдіріп тастайтынын айтып, оларға Астана ішінде жүруге тыйым салынатынын мәлімдеді. Кейін мұндай шара басқа қалаларда да енгізілуі мүмкін

Қазақстанда елді мекендер ішінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшеймек. Министрдің айтуынша, ауыр жүк көліктері мұндай жүктемеге есептелмеген жолдарға айтарлықтай зиян келтіреді.

“Елді мекен ішінде ауыр жүк көліктерінің жүруіне негіз жоқ. Біз шамамен 220 автоматтандырылған өлшеу жүйесін сатып алып жатырмыз. Бір осіне түсетін салмақ 8 тоннадан асатын көліктер қалаға кірмеуі керек. Қазір Астананың айналасында осындай автоматтандырылған жүйелер желісін құрып жатырмыз”, – деді министр.

Оның сөзінше, “Сергек” камералары жүк көлігінің нөмірін автоматты түрде анықтайды. Егер ауыр жүк көлігі арнайы өлшеу жүйесінен өтпесе, бірден айыппұл салынып, көлік айып тұрағына жіберіледі.

Министр Астанадағы пилоттық жоба ай соңына дейін аяқталатынын айтты. Кейін осындай жүйені еліміздің басқа қалаларында да енгізу жоспарланып отыр.

“Қазір “Сергек” ешнәрсені жібермейді, бәрін көріп тұр. Жүйені толық аяқтауымыз керек. Сонда ауыр жүк көліктері қалаға кірмейді деп үміттенемін”, – деді Сауранбаев.

Көлік министрлігінің мәліметінше, кей карьерлік жүк көліктерінің салмағы 60 тоннаға дейін жетеді. Бұл шамамен теміржол вагонының салмағына тең. Алайда қалалық жолдар мұндай жүктемеге арналмаған.

Министрдің айтуынша, ауыр техника жолдарды ғана емес, тұрғын үйлердің жағдайына да әсер етуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу