Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі зертханасын жасаған қызылордалық 12 жылға сотталды

Құқық
Есірткі зертханасын жасаған қызылордалық 12 жылға сотталды

Қызылорда облысында есірткі зертханасын жасаған 52 жастағы ер адам анықтады.


Ол сарайдың ішінде қабырғасы пластик фольгамен қапталған есірткі зертханасын құрған. Тексеру кезінде есірткі өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары мен суаруға қажетті құрал-саймандар тәркіленді.

- Зертхана ішінен 214 түп қарасора өсімдігі заттай дәлел ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт келіге жуық болған. Сонымен қатар кептірілген шөп тәріздес ерекше хош иісі бар заттар анықталды. Атап айтқанда, 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетіне және пластикалық бөтелкеге салынған есірткі табылды. Сараптама нәтижесі бойынша олардың жалпы салмағы 5,4 келіден астам кептірілген марихуана және 4,65 грамм гашиш екені абелгілі болды. Айыпталушы тергеу кезінде қамауда болды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 

Сот шешімі бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қызылордалық тұрғын жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Фото: Қызылорда облыстық ПД

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу