Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көлігіне «әдемі» нөмір алғысы келгендер ұзын сонар кезекте тұр

Қоғам
Көлігіне «әдемі» нөмір алғысы келгендер ұзын сонар кезекте тұр
ШҚО Азаматтарға арналған үкімет

Елімізде көлігіне «әдемі» мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алуға 11 мыңға жуық адам өтінім берді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты.

Үкімет отырысынан кейінгі брфинг барысында ол жаңа қызмет түрі іске қосылған алғашқы күндері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру қызметіне сұраныс өте жоғары болғанын атап өтті.

- Таяуда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі сұраныс жоғары нөмірлік белгілерді сатып алуға өтім берудің жаңа тетігін іске қосты. Жаңашылдықтың нәтижесінде еліміздің бірқатар өңірінде азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарына жиналуы байқалды, - деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, адамдардың ХҚКО-ларға жаппай келуі уақытша әрі жаңа қызметтің іске қосылуына орай қызығушылықтың артуына байланысты болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу