457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

481 көлікті заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкері Ресейге қашып кеткен

Оны Бас прокуратура елге экстрадициялады

Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың сыбайласы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 


«Күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Осылайша ол 481 көлікті заңсыз есепке қойып, бюджетке 3,7 млрд теңге көлемінде аса ірі мөлшерде залал келтірген.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Биыл наурыз айында Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Фото: Александр Павский/ Kazinform