7 ай өтті. Студент қыздың өлімінің себебі ашылмады

Зарина жатақханада коменданттың бөлмесінде көз жұмған

Malim Админ

  • 17.09.2024

Жетісу облысында жатақханада жұмбақ жағдайда қайтыс болған студент қыздың туыстары тергеудің созылып кеткеніне наразы. 16 жастағы Зарина Берікова 28 ақпан күні Талдықорған қаласындағы «Жігер» жатақханасында аяқасты  қайтыс болған. Содан бері 7 ай өтсе де,  қылмыстық іс әлі сотқа жетпеген. Бұл туралы Kazinform.kz жазды.

Ескелді ауданының тұрғыны Зарина Берікова 9-сыныптан кейін Талдықорған қаласындағы инновациялық колледжге түседі. Мұғалім болуды армандаған бойжеткен небары 6 ай ғана оқып, белгісіз жағдайда көз жұмған.

«Міне 7 ай болды, маған әлі жұмбақ неден қайтыс болғаны. Бір ақиқаты болу керек қой. Осы уақытқа дейін бір шеті шығу керек еді, іс тергеліп жатыр дейді неше айдың жүзі болды. Есіктерін қағып барамыз, ешқандай әлі ақиқат жоқ», - дейді Заринаның анасы Жазира Тоғасбаева.

Анасының айтуынша, Зарина жатақханада коменданттың бөлмесінде көз жұмған. Ал онда не болғаны әзірге беймәлім. Білім ордасындағылар аяқасты талып қалды дегенді айтқан. Бірақ туыстары Заринаның ешбір сырқаты жоқ екенін, тіпті уайымы да болмағанын айтады. Олар бейнекамерадан бойжеткеннің сол бөлмеге өз аяғымен кіріп, кері шықпағанын жеткізді.

«Бала өз аяғымен 20:04- те ол бөлмеге кіріп тұр негізі. Сол аралықта екі жедел жәрдем келген. Қызымызға ешқандай алғашқы көмек көрсетілмеген. Бірінші экспертизада ношпадан уланған деп көрсетіп берді. Оған біздің күмәніміз бар. Егер көп мөлшерде ішетін болса асқазанынан табылуы керек еді. Жуындыруға өзім кірдім. Сол кезде байқадым оң жақ көзі және астыңғы ерні ішінен жырылып, көгеріп қалған. Оны бірінші экспертизада да көрсетіп берген бізге. Қатты заттан пайда болған травма деп. Оны бірінші экспертизада да көрсетіп берген», - дейді туысы Айым Жиынбек.

Сондай-ақ марқұмның туыстары тергеудің әділ өтіп жатқанына күмәнмен қарайды. Олардың сөзінше, бастапқы істе тіркелген жатақханадағы бейнежазба бүгінде жоқ. Қыздың телефонындағы смс-хаттар өшірілген. Зарина Берікованың туыстары қайта медициналық сараптама тағайындап, сол күні қыздың жанында болған адамдарды тергеуді сұрап отыр.

Фото: Зарина Берікованың жеке мұрағатынан

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген