8-сынып оқушысын өлтірген жасөспірімдер сотталды

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 сәуірде Жамбыл облысында болған

Malim Админ

  • 15.01.2025

Кәмелетке толмаған айыпталушылар 8-сынып оқушысын көше дәретханасында өлтіргенін ішінара мойындады, деп хабарлайды Malim.kz.


Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша айыпталған үш оқушыға қатысты қылмыстық істі қарады.  

Еске сала кетейік, ауыл мектебінің оқушысы көше дәретханасында соққыға жығылғаннан кейін көз жұмған еді. Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 сәуірде Байзақ ауданының Құмжота ауылында болған.  

Сол күні 8-сынып оқушыларының физика сабағы тоқтатылып, дене шынықтыруға жіберілген. Сол сәтте жоғары сынып оқушылары кішілерді шақырып, көше дәретханасында төбелес ұйымдастырып, балаларды жұдырықпен ұрған. Кеудесіне тиген соққылардан сегізінші сынып оқушысы Мирас сол жерде көз жұмды.  

Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Екі кәмелетке толмағанға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал үшіншісіне 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы берілді.  

Сондай-ақ сотталғандардың заңды өкілдері жәбірленуші тарапқа 11 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді.

Фото:  t.me/zanamiviehali  

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды