Алаяқтық жасаған. Қарағанды облысының 40-қа жуық дәрігері істі болды

Құжатты алу үшін дәрігерлер мен медбикелер 200 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша төлеген

Malim Админ

  • 03.02.2025

Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті біліктілік тестілеу нәтижелерін қолдан жасаудың бірқатар дерегін анықтады. Жалақыға үстемеақы алу үшін 30-дан астам медбике мен 7 дәрігер алаяқтық әрекет жасаған, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Ішкі талдау барысында қарағандылық бақылау департаменті қызметкерлері деректердің бұрмаланғанын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, тест тапсырғанын растайтын құжатты алу үшін дәрігерлер мен медбикелер 200 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі сома төлеген. «Көмекшілер» тест тапсырғандардың жеке куәліктерінің нөмірлерін деректер базасына енгізген. Содан кейін олардың аты-жөнін және басқа да мәліметтерін өзгерткен. 

Алайда арнайы бағдарлама нәтижелердің жалған екенін көрсеткен. 39 құқық бұзушының екеуі Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейді. Медицина қызметкерлеріне қатысты әкімшілік материалдар тіркеліп, дәрігерлерге айыппұл салынды.

Бұл әрекет жүйені алдау болып саналады. Біз бұл сертификаттарды ресми түрде тоқтаттық. Осы адамдарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 432-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Бұл тұлғалар кінәсін мойындап, айыппұл төледі.

Қазіргі уақытта департамент құқық қорғау органдарына алаяқтық фактісі бойынша іс қозғау үшін құжаттар жинақатап жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Ольга Смирнова.

Фото: freepik.com

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды