Алматыда 54 млрд теңге тұратын таулы аймақ жерлері мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы берген талап арыз бойынша бұған дейін жеке меншікке заңсыз берілген 840 гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Аталған жер телімдері құны 54 млрд теңге деп бағаланған және олар «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-нің атына рәсімделген.
Прокуратураның мәліметінше, бұл учаскелер таулы өңірде орналасқан және су қоры жерлеріне жатады. Қазақстанның жер заңнамасына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке берілмейді.
2025 жылғы 12 маусымда Алматы қалалық сотының сот алқасы прокурорлық талапты қанағаттандырып, мәмілені жарамсыз деп таныды және жерді мемлекетке қайтару туралы шешім шығарды.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
