Ақмолалық зейнеткер алаяқтармен сөйлесіп, 1,7 млн теңгесінен айрылды

Зейнеткер жеке құжаты мен биометриялық деректерін беріп қойған

Мәди Саматұлы

  • 07.12.2024

Целиноград ауданының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болып, 1,7 млн теңгесінен айрылып қалды. Sinegor.kz жазуынша, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алаяқтардың кезекті және жақсы ұйымдастырылған схемасына алданған зейнеткер оларға тек ақшасын аударып қана қоймай, жеке құжатының фотосын жіберіп, биометриялық деректерін де беріп қойған.

Ер адамға белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, SIM-картаның әрекет ету мерзімін ұзарту қажеттігін айтқан. Кейін WhatsApp арқылы өзін компания менеджері ретінде таныстырған әйел хабарласып, зейнеткерден жеке куәлігінің фотосын сұрап, бейнебиометрия жасау керектігін түсіндірген. Сондай-ақ, СМС арқылы келген растау кодын алдап алған.

Ертеңінде өзін банк қызметкері ретінде таныстырған басқа біреу хабарласып, алаяқтардың атына несие рәсімдеп жатқанын айтып, «қаражатты қорғау» үшін 1 млн 200 мың теңгені «қауіпсіз шотқа» аударуын сұраған. Кейін депозиттен тағы 550 мың теңгені аударуды талап еткен. Нәтижесінде, зейнеткер жалпы 1 млн 750 мың теңге көлемінде шығынға ұшырағанын кеш түсінген.

Қазір полиция алаяқтарды табумен айналысып жатыр.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды