Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

Malim Админ

  • 02.05.2025

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта Атырау қаласында араб жазуы бар тумен суретке түскен тұрғындар қандай жазаға тартылғанын, тартылуы мүмкін екенін мәлім етті.


Атырау облысындағы оқиға бойынша құқыққа қайшы əрекет жасаған 4 қызды сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) əкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп жазылған жауапта. 

Сондай-ақ ресми мәліметте заң бұзған тұлғалардың аты-жөні мен арқалаған айыппұл көлемі ашық көрсетілген. Ондағы мәліметке сүйенсек, бір адамға 78 640 теңге, тағы 3 адамға 39 320 теңге айыппұл салынған.

Сонымен бірге аталған факті бойынша 2025 жылғы 27 наурызда Атырау қаласының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 372-бабымен (мемлекеттік рəміздерді қорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды. Одан бөлек сауалда көрсетілген уəждер тексеріледі. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады, - деп жазады Берік Асылов.

Бас прокурор стандартқа сай емес Мемлекеттік Туларды сатқан маркетплейс сөреден ол өнімді алып тастағанын да жеткізді.

Қылмыстық қудалау органымен «Ozon» маркетплейсінің Қазақстандағы өкілдігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар жəне басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнiндегi ұсыну (Қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының тəртібінде) қылмыстық іс шеңберінде жолданды. Нəтижесінде «Ozon» сайтынан жазуы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сату туралы, сондай-ақ кез келген діни материалдарға қатысты барлық жарнама алынып тасталды, - делінген жауапта.

Фото: ulysmedia.kz  

Байланысты жаналықтар

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

Келес өзеніне кәріз суы құйылған

29.04.2025

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

25.04.2025

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

24.04.2025
MalimBlocks
СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

Келес өзеніне кәріз суы құйылған

Аудандағы лас су құйылатын тоған арнасы бұзылған

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады