Асырап алған балаларын құлдықта ұстаған адам сотталды

Қораны тазалайтын жұмысшыға ақша шығындағысы келмеген ол жетім балаларды жұмысқа жеккен

Malim Админ

  • 17.09.2024

Ұлытау облысында жетімдер үйінен асырап алған ағайынды ұлдар мен бір қызды қинап, мал бақтырған келіншек 4 жылға сотталды.  

Тергеуге сәйкес, Садықова 2018 жылы 3 жетім баланы асырап алады. Анықталғандай, оның үлкен шаруа қожалығы болған. Ондағы малды бағып, қораны тазалайтын жұмысшыға ақша шығындағысы келмеген ол осы үш жетім баланы жұмысқа жеккен.

Садықова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген. Егер балалар өзіне бағынбай, жұмысты сапасыз атқарған жағдайда Садықова оларды сабаған», - деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.

Анықталғандай, ол әйелді сот биыл  11 шілдеде соттауға шеешім шығарған.

«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2024 жылғы 11 шілдедегі үкімімен Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды прокуратура.

Фото: mcatamneysolicitors.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды