Әуежайдан шыққан шу: FlyArystan мәлімдеме жасады

Malim Админ

  • 10.02.2025

9 ақпан күні желіде  Fly Arystan әуе компаниясының қызметкері мен жолаушылардың  айтысып жатқан видео тарады. Оны журналист, блогер  Асхат Ниязов жариялаған болатын.  12 адам өз бортымен ұша алмай қалды, – деп жазды Ниязов желідегі жазбасында. Бұл туралы Malim.kz жазды. 

Әуежайдағы келіспеушілік туралы  Михаил Козачков та өз телеграм каналында жазған еді. Оның айтуынша, тасымалдаушы ұшақтағы орындардан көбірек билет сатқан. Барлық билет алған жолаушылан келгендіктен, артық 12 адам өз рейсіне кіргізілмеген. Негізі мұндай әрекетке тыйым салынған.

Козачков “Эйр Астана” ішінара мемлекет меншігінде екенін де айтты. Оның үстіне сарапшылар әуе компаниясы арзан жанармай арқылы жасырын түрде субсидияланады, яғни салық төлеушілердің ақшасы қолдауға жұмсалады деп есептейтінін айтқан. 

                        Козачков телеграм арнасындағы жазбадан скрин 

Аталған оқиғаға қатысты Fly Arystan әуе компаниясы түсініктеме берді.

Fly Arystan овербукингке қатысты таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және әуекомпания тәжірибесінде қолданылмайтынын мәлімдеді.

2025 жылғы 9 ақпанда Алматы – Павлодар бағыты бойынша FS7131 рейсінің жолаушылары жергілікті уақытпен 14:10-да отырғызу гейтіне келді, ал ұшудың жоспарланған уақыты 14:20 болатын. Алайда, әуежайдың ақпараттық тақтасында орын алған жүйелік қателік салдарынан отырғызудың аяқталғаны туралы хабарландыру көрсетілмеді, – дейді әуе компаниясы.

Fly Arystan осы ретте, рейске уақытылы келу – әр жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске салды.

Әуекомпания қағидаларына сәйкес, жолаушылар ұшу уақытына кемінде 30 минут қалғанда отырғызу гейтіне келуі тиіс. Бұл кезекте,  отырғызу уақыты мен гейті, сондай-ақ рейс статусын FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынамыз, – дейді компания.

Фото: видеодан скрин  

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды