457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бишімбаевтың бауыры рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе? ІІМ басшысы жауап берді

Бүгін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қуандық Бишімбаевтың бауыры – Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


Оның айтуынша, бұл мәселемен сот органдары айналысады.

Әзірге Бишімбаевтың бауырына қатысты материалдар бізге түскен жоқ. Егер ол босатылуға өтініш берсе, әрине, оны қарастырамыз, – деді Ержан Сәденов.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені хабарланған болатын. Амнистияға байланысты оның жазасы үштен бірге қысқаруы ықтимал. Бұл шамамен сегіз айға қысқаруды білдіреді.

Фото: Жоғарғы сот