Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Сұлу Бөлек

  • 23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысы Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы — Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбекова өз туыстары Қайрат және Бекзат Кемеловтерге қарсы сотқа жүгінгені туралы хабарланған. Бишімбаевтың анасы Бекзат Кемелованы шамамен 1 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деп айыптаса, ал күйеуін — жалған жала жапты деп сотқа берген.

Сот шешімі

Жақында Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты жала жабу ісі бойынша шешім шығарды. Сот отырысында жауапкердің YouTube-арнасының бірінде тікелей эфирде келесі мазмұнда сөз айтқаны анықталды.

Бишімбаевтардың ата-анасы бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығаруды және әрқайсысы үшін моральдық өтемақы ретінде 8 миллион теңгеден өндіріп беруді сұрады.

Лингвистикалық сараптамада жауапкердің сөзі шындыққа сәйкес келмеген жағдайда ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіруі мүмкін деген тұжырым жасалды.

"Жауапкер өз мәлімдемелерінің шынайылығын растайтын дәлелдер келтірмегендіктен, сот бұл ақпаратты жалған деп таныды. Сот талап арызды жартылай қанағаттандырып, жауапкерді таратылған ақпаратты теріске шығаруға міндеттеді және талапкерлердің әрқайсысына 100 мың теңгеден моральдық өтемақы төлеуге үкім шығарды", – деп хабарлады соттан.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

"Сот тәжірибесінде моральдық зиян үшін өтемақы көлемі көбіне төмен мөлшерде белгіленеді. Дегенмен, талапкерлер сот шешіміне риза. Біз бұл шешімді шағымданбаймыз. Бұл жерде ақша емес, шындықтың анықталғаны маңызды", - деді адвокат Ерлан Ғазымжанов. 

Фото: Жоғарғы сот 

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025
MalimBlocks
"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл