Бопсалаушы «блогерлерге» қатысты 20-дан астам дерек анықталды – ІІМ

Олар өздерін заң мен тәртіпті қамтамасыз ететіндер етіп көрсеткен

Мәди Саматұлы

  • 24.01.2025

Ішкі істер министрлігі «заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету аясында қоғамдық қызметтің атын жамылып, өздерінің арам пиғылдарын көздейтін «блогерлерді» әшкерелеу бойынша 20-дан астам деректі анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол компаниясының қызметкерлері шағымданған. Олар қоқан-лоққы көріп, жүйелі түрде бопсалауға ұшыраған. Өзін «блогер» ретінде көрсеткен күдікті жолсеріктердің әр түрлі заңбұзушылықтарын олардан ақша бопсалау мақсатында түсіріп отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 48 млн теңгеден асқан. Ол бопсалаудың 60 эпизоды бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Жетісу облысында жедел уәкілдер құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен «блогерді» ұстады. Ол тұрғын үй құрылысындағы құқықбұзушылықтар туралы жарияланымдармен қорқытқан. Алматы қаласында сотталған адамнан 10 млн теңге бопсалады деп күдікке ілінген «блогерлер» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан бұрын супермаркеттер желісіндегі олқылықтарды түсіріп, 27 млн теңге бопсалаған «блогер» құрықталды. Қазір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталған. Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, Түркістан облысында «блогерлер» қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады