БҚО-да есірткіге қатысты қылмыс көбейген

Облыс бойынша 26 есірткі жасырушы ұсталса, соның жетеуі — жасөспірім

Malim Админ

  • 29.01.2025

Батыс Қазақстан облысында былтыр есірткіге қатысты 346 құқық бұзушылық дерегі анықталды, бұл алдыңғы жылдан 247 есе, едәуір көп,-деп хабарлайды Malim.kz.  


БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Сүгіровтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, оның 120-сы (2023 жылы — 94) қылмыс, соның ішінде 61-і (33) есірткі затын сату дерегі есебінде тіркелді. 

Оның сөзінше, 119 кг 700 грамм есірткі заты заңсыз айналымнан алынды.

Telegram 2 интернет-дүкен арқылы гашиш есірткі затын заңсыз сатумен айналысқан 5 қатысушыдан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, жұмысы тоқтатылды. 500 дайындалған есірткі тәркіленді, мұның 2,5 мыңнан астам дозасы — гашиш. Ақша айналымы 131 млн 922,154 мың болды. Барлық қатысушылар (ұыймдастырушы, есірткі жасырушы, оператор) ұсталып, ҚР ҚК 262-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — дейді М.Сүгіров.

Басқарма басшысының айтуынша, 3 қатысушыдан тұратын қылмыстық топтың Алматы облысынан Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі құралдарын жеткізу арнасы жойылды. Олар Алматы облысындағы уақытша тұратын жерінде синтетикалық есірткі құралдары мен психотроптық заттарды дайындайтын жасырын зертхана ұйымдастырған. 5 кг синтетикалық есірткі заты тәркіленіп, бір реттік қолданылатын 15 мың есірткі дозасының жолы кесілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс бойынша 26 есірткі жасырушы ұсталса, соның жетеуі — жасөспірім. Өткен жылы Қостанай облысының екі тұрғынынан (біреуі — жасөспірім) 2 181 дозаға тең келетін 727 грамм синтетикалық есірткі алынды. Есірткі тектес шөптерді өсірген 5 фитозертхана анықталды. Барлығы 162 есірткі сайты анықталып, бұғатталды. Есірткі затын жарнамалаған 4 адам (біреуі кәмелетке толмаған) қолға түсіп, ҚР ҚК 299-1-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде, — деді М.Сүгіров.

Фото: polisia.kz     

Байланысты жаналықтар

Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

22.02.2025

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

21.02.2025

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

20.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

20.02.2025

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

20.02.2025

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

20.02.2025
MalimBlocks
Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

Егер транзакциялар саны күдікті болып көрінсе, банктер қосымша ақпарат сұрауға және қаражаттың шығу көзін зерттеуге құқылы

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды