Бұған дейін бір адамды өлтірген. Күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Malim Админ

  • 30.12.2024

Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.   


Бас прокуратура жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялаған.

"Күдікті 2021 жылғы наурызда тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған. Атап айтқанда, күдікті Қостанайдағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжалдасып, жәбірленушіні бірнеше жерден  жаралап, жәбірленуші қайтыс болды.

Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған", - делінген хабарламада.

Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей соты соттаған.

"Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды".  

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Фото:  видеодан скрин  

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды