Елге қайтарылған ақша есебінен Ақтауда медициналық орталық салынады

Арман Қайыпхан

  • 01.02.2025

Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің тапсырмасын орындау аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы салынады. Бұл мақсатқа Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді.

Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының құрамына оқу-симуляциялық орталық, санитарлық көліктерге арналған жөндеу және жуу базасы енеді.

Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланған. Оның 100 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 10%-ды құрайды: жер қазу жұмыстары аяқталып, ішкі инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат жобаны белгіленген кестеге сәйкес толық аяқтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Ақтауда 200 мыңға жуық адам тұрады. Аймақ бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Соңғы 7 жыл ішінде қалада 10 жаңа шағын аудан салынды. Жаңа жедел жәрдем стансасының құрылысы халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына шамамен 55,2 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның біреуі 1 музыкалық мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана және 2 балабақша бар. Сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық, Астана және Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынуда.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды