freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Анасы Талдықорғандағы тергеу изоляторында ұлының соққыға жығылғанын айтты

Оқиға
Анасы Талдықорғандағы тергеу изоляторында ұлының соққыға жығылғанын айтты

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы Талдықорғандағы №71 тергеу изоляторының қызметкерлерін ұлын соққыға жықты деп айыптады. Оның айтуынша, ұлы басын көтере алмай қалған, ал оған жедел жәрдем қызметкерлерін кіргізбеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бейнебақылау камераларындағы жазбалар күш қолданылғанын растамағанын мәлімдеді.

Әйелдің айтуынша, жасөспірім 20 шілде күні мекемеге жеткізілген. Келесі күні кездесуге барған анасы баласының денесіндегі соққы іздерін көрген.

Ол тек өз ұлы ғана емес, сол күні тергеу изоляторына жеткізілген басқа да жасөспірімдер зардап шеккенін айтады. Анасының сөзінше, оларды карантин бөліміне апармай тұрып-ақ ұра бастаған.

Әйел мекеме басшылығына жүгінгенімен, нақты жауап ала алмаған.

ҚАЖК бұл оқиғаға байланысты бірден қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, мекемедегі бейнебақылау камералары тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді, ал бейнежазбалар тікелей эфирде комитет пен прокуратураға көрсетіледі. Оқиға орнына Жетісу облысы прокуратурасының қызметкерлері мен полицияның жедел-тергеу тобы барған.

Қызметтік тексерудің қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу