freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда әскерден босатылғандар қайта шақырылады

Қоғам
Қазақстанда әскерден босатылғандар қайта шақырылады
Фото: aikyn.kz

Қазақстанда әскерге шақыру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді облыстық шақыру комиссиялары аудандық комиссиялардың шешімдерін тексеріп, заңбұзушылық анықталған жағдайда олардың күшін жоя алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, облыстық комиссиялар азаматтардың шағымдарын қарайды. Әскерден кейінге қалдыру немесе босату туралы шешімдердің заңға сай қабылданғанын тексереді. Сондай-ақ аудандық шақыру комиссияларының жұмысына бақылау жүргізеді.

Құжатта облыстық комиссияларға төменгі деңгейдегі комиссиялардың шешімдерінің күшін жою құқығы берілгені көрсетілген.

"Егер аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссиясының азаматты әскери қызметке шақырудан босату туралы шешімінде заң бұзушылық анықталса, облыстық (немесе республикалық маңызы бар қала, астана) шақыру комиссиясы оның күшін жою туралы шешім қабылдайды", – делінген құжатта.

Сондай-ақ азамат әскери қызметке шақырылуы, кейінге қалдыра алуы, әскерге шақырудан босатылуы немесе әскери есептен шығарылып, әскери міндеттіліктен толық босатылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, облыстық шақыру комиссияларының барлық шешімі Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде электронды форматта рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бекітіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу