freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аида Балаева журналист Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қоғам
Аида Балаева журналист Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/aida_balayeva

Вице-премьер, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Ахуал сегодня» YouTube-арнасының журналисі Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желілерде Азамат Омаровтың «жоғары лауазымды шенеуніктерді әжуалағаны үшін ұсталды» деген ақпарат таралып жатыр. Алайда ол бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

«Ең алдымен, елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, ал цензураға тыйым салынғанын ерекше атап өткім келеді. Сатира мен әзілдің өзі құқық бұзушылық болып саналмайды және ол үшін заңнамада жауапкершілік көзделмеген», – деді Аида Балаева.

Оның сөзінше, Азамат Омаров Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұсталған. Аталған бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты жауапкершілікті көздейді.

Министр егер жарияланған материалда немесе контентте алауыздықты қоздыру белгілері анықталса, оның сатира немесе әзіл түрінде ұсынылғанына қарамастан, заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Аида Балаева бұл мәселеде қоғамның ортақ жауапкершілігі бар екенін айтып, «Заң және тәртіп» қағидатының бәріне бірдей қолданылатынын еске салды.

Министр мұндай жағдайлардың алдын алу үшін журналистер мен контент авторларына заң талаптарын және оларды бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру қажет екенін жеткізді.

Осыған байланысты ол құқық қорғаушыларды Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, алауыздықты қоздыруға қатысты заң нормаларын ғана емес, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу жөніндегі талаптарды да қоғамға кеңінен түсіндіруге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу