freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада 15 жастағы мектеп оқушысынан 70-тен аса доза есірткі табылды

Құқық
Астанада 15 жастағы мектеп оқушысынан 70-тен аса доза есірткі табылды
Фото: magnific.com

Астанада полиция қызметкерлері есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысын ұстады. Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздан тыйым салынған заттар салынған 70-тен астам «жасырылған орын» анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин мәлімдеді.

Оның айтуынша, мектеп оқушысы биыл көктемде ұсталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, жасына қарамастан ол есірткіні арнайы жасырын орындарға жасырып кету арқылы таратумен айналысқан.

«Көктемде есірткіні сақтап, таратты деген күдікпен 15 жастағы қыз бала ұсталды. Бұл наурыз айында, қар толық ерімеген кезде болды. Күдіктіден 70-тен астам доза табылды. Бұл – бәріміз үшін үлкен проблема, қоғам, құқық қорғау органдары мен полиция үшін үлкен сын», – деді Әбіл Әбілдин.

Оның сөзінше, жасөспірім бұған дейін полиция қызметкерлері мен мамандар есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы түсіндіретін профилактикалық дәрістерге қатысқан.

«Ол залда отырып, есірткінің зияны туралы тыңдады, профилактикалық бейнероликтер көрді. Оның салдарын жақсы білді. Бірақ неге мұндай қадамға барды? Азғыру ма, әлде қызығушылық па? Менің ойымша, проблема оның араласқан ортасында болды. Қандай ортаға түсті, өмірі де сол бағытқа бұрылды», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Әбіл Әбілдиннің сөзінше, оқушының ұсталғаны оның сыныптастары үшін күтпеген жағдай болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу