freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны көбейді

Әлем
АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны көбейді
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-та қызылшаға шалдыққандар саны соңғы 35 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. 21 шілдедегі мәлімет бойынша елде қауіпті инфекцияны жұқтырған 2 295 адам тіркелген. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандардың айтуынша, бірнеше штатта қызылшаның жаппай таралуы байқалып отыр. Соның салдарынан індеттің одан әрі өршуі, ауруханаға түсетіндердің көбеюі және АҚШ-тың қызылшаны жойған ел мәртебесінен айырылу қаупі күшейген.

Қазіргі жағдай қызылшаға қарсы екпенің маңызын тағы бір мәрте дәлелдейді. Сонымен қатар ауруға күдікті және расталған жағдайларды дер кезінде анықтап, тіркеу аса маңызды, – деп атап өтті сарапшылар.

Деректерге сәйкес, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Індет ең көп таралған өңірлер қатарында Оңтүстік Каролина, Юта, Техас және Вирджиния штаттары бар. Сарапшылар мұны халықтың вакцинамен қамтылу деңгейінің төмендеуімен байланыстырып отыр. АҚШ-та қызылшаға қарсы жаппай вакцинация 1963 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Бұған дейін мұндай жоғары көрсеткіш 1991 жылы тіркелген еді. Ол кезде ел бойынша қызылша жұқтырудың 9 643 жағдайы анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, қызылшаның негізгі белгілеріне жоғары температура, жөтел, конъюнктивит және денеге шығатын бөртпе жатады. Алайда ауру асқынып кетсе, пневмонияға немесе энцефалитке – мидың қабынуына ұласуы мүмкін. Мұндай жағдайлар адамның денсаулығына ауыр зардап келтіріп, кейде өлімге де себеп болады.

Еске салайық, жуырда Бангладеште қызылшаның өршуінен 800-ге жуық бала көз жұмды.

Сондай-ақ Нигерияның солтүстік-батысындағы Сокото штатында қызылша ауруының өршуі салдарынан 15 бала қайтыс болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу