Елімізде энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды

Осы мәселе бойынша заңның негізгі нормалары мен айыппұл көлемі белгіленді

Malim Админ

  • 06.01.2025

Елімізде жаңа жылдан бастап энергетикалық сусындарға қатысты шектеу күшіне енді. Оған сәйкес, 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған. Осы мәселе бойынша заңның негізгі нормалары мен айыппұл көлемі белгіленді.


Бұдан бөлек, заңда энергетикалық сусынды кімге және қай жерде сатуға болмайтынына қатысты шектеулер бар. Олар:

21 жасқа дейінгі адамдарға;

сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатушының тікелей қатысуынсыз;

сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарсыз;

Ал сауда орнында энергетикалық сусынды сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда кассирлер жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап ете алады. Жеке куәлік көрсетілмесе, энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған.

Бұдан бөлек, энергетикалық сусындар сатылатын жерде "Энергетикалық сусындарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады" деген жазба болуы шарт.

Бұған дейін энергетикалық сусындарды сатуға қатысты шектеуді бұзу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қосымша 423-3 бабын енгізу ұсынылған болатын. Оған сәйкес, заң талаптарын бұзғаны үшін ескерту жасалады немесе айыппұл салынады.

Айыппұлдың көлемі:

жеке тұлғаларға – 15 АЕК (58 980 теңге);

шағын кәсіпкерлік субъектілерге – 25 АЕК (98 300 теңге);

орта кәсіпкерлік субъектілерге – 40 АЕК (157 280 теңге);

ірі кәсіпкерлік субъектілерге – 100 АЕК (393 200 теңге);

Ал заң талабын бір жылдың ішінде қайта бұзғаны үшін айыпппұлдың көлемі екі есеге артады. Бірақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қосымша бап әлі енгізілген жоқ.

Фото: atr.kz 

Байланысты жаналықтар

Еліміздегі 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына айлық төлемеген

23.04.2025

Шымкент әкімдігінде күзет күшейтіле ме?

23.04.2025

Ясауи кесенесі маңында құрылыс тоқтамай тұр. Министр не дейді?

23.04.2025

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

21.04.2025

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

19.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025
MalimBlocks
Еліміздегі 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына айлық төлемеген

Шымкент әкімдігінде күзет күшейтіле ме?

Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан

Ясауи кесенесі маңында құрылыс тоқтамай тұр. Министр не дейді?

ЮНЕСКО конвенциялары мен ұсынымдары бойынша міндеттемелер толық орындалмай отыр

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады