Еліміздің екі өңірінде акциздік маркасы жоқ 150 мыңға жуық темекі анықталды 

Контрафактілік темекі өнімдері жойылды

Malim Админ

  • 04.12.2024

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша Қырғыз Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.


Мәселен, "Жайсан-авто" бекетінде Қазақстан аумағынан шығып кету әрекеті кезінде жүк көлік құралының жүргізушісі ұсталды, оның шанағын тексеру кезінде акциздік маркалары жоқ, көкөністерде (пекин қырыққабаты) жасырылған жалпы саны 70 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылды.
 Мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сәйкес төлеуге жататын акциздік алым сомасы 22,6 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүк көлігі тәркіленді.
Бұдан басқа, Қарағанды облысында есепке алу-бақылау маркалары жоқ темекі өнімдерін сатушы сотталды.
 Анықталған қойманы тінту барысында жалпы құны 18,5 млн теңгені құрайтын 71 мыңнан астам қорап темекі табылып, тәркіленді.
Контрафактілік темекі өнімдері жойылды.
Жалпы, жыл басынан бастап ҚМА өндірісінде темекі өнімдерінің айналымына байланысты 62 қылмыстық іс болды, оның 35–і сотқа жіберілді. Барлығы 11 млрд теңгеден астам сомаға 22 млн қорап темекі тәркіленді.
Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер!
Қаржылық мониторинг агенттігі акцизделетін темекі бұйымдарын акциздік маркаларсыз ірі мөлшерде өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді (ҚР ҚК 214-бабы).
Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Фото: ҚМА баспасөз қызметі  

Байланысты жаналықтар

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

21.02.2025

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

20.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

20.02.2025

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

20.02.2025

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

20.02.2025

Перизат Қайраттың тергеуі қашан аяқталады?

19.02.2025
MalimBlocks
Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

Егер транзакциялар саны күдікті болып көрінсе, банктер қосымша ақпарат сұрауға және қаражаттың шығу көзін зерттеуге құқылы

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

Перизат Қайраттың тергеуі қашан аяқталады?

ҚМА өкілінің айтуынша, қылмыстық істе 100-ден аса том бар.