Ереже өзгерді: Қазақстанда 10 сотық жерді қалай алуға болады

Арман Қайыпхан

  • 16.02.2025

Қазақстандықтарға берілетін 10 соттық тегін жер енді тек инфрақұрылым жүргізілген телімдерден ғана беріледі. Су мен жарық тартылмаған учаскеге үй салуға рұқсат жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұрын мұндай талап болмаған. Сол себепті ел азаматтары өзі қалаған аймақтан жер алуға өтініш берген және ондай адамдардың саны 4 миллионнан асады. Енді өтініш берілген аймақта инфрақұрылым желісі жүргізілмесе, кезек жылжи береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ, олардың кезегі сақталады. Тізім жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орнында, есепке қойылуына қарай қалыптастырылады.

Ережеге сәйкес жер телімі өтініш арнайы есепке қойылғаннан кейін ғана беріледі. Ал арнайы есепті жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Егер үй салынбаса жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл өзгерістер азаматтарға жер телімін әділ әрі мақсатты түрде үлестеру үшін жасалып отырғанын айта кеткен абзал.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды