Кәрім Мәсімов жазасын қандай камерада өтеп жатыр?

Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жазасын қандай камерада өтеп жатқанын айтты.
Бұл сотталған азаматтың денсаулық жағдайы туралы мәлімет қазір қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде ұстау талаптарына сәйкес келеді. Қандай да бір мазалайтын факторлар жоқ. Ал сотталғандарды медициналық тұрғыдан қамсыздандыру Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында. Біз ол функцияны соларға бергенбіз, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары.
Ол қазір жалғыз кісілік камерада отыр ма, әлде өзге сотталғандармен бірге отыр ма, - деп сұрады БАҚ өкілі.
Мәсімов жазасын сот үкіміне сай өтеп жатыр. Заңнамада көзделген талаптардың бәрін сақтап отыр. Ол жазасын өзге сотталғандармен бірге өтеп жатыр, — деді Абай Қайырбеков.
Бұған дейін ІІМ басшысы да Кәрім Мәсімовтың денсаулығы туралы қауесеттерге жауап берген болатын.
Фото: ҰҚК

Ең көп оқылған
