LRT ісі: Нұралы Әлиев пен Дариға Назарбаева тергеуге тартыла ма? - Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында LRT ісі бойынша Нұрәлі Әлиев пен Дариға Назарбаеваның тергеу орбитасына тартылу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
LRT ісі туралы журналистік зерттеулерде Нұрәлі Әлиев пен Дариға Назарбаеваның есімі көп аталады. Бұл тұлғалар тергеу орбитасына тартыла ма, - деп сұрады журналист Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Бас прокурордың орынбасары бұл туралы өзге қылмыстық қудалау органдарынан мәлімет сұрау керектігін айтты.
LRT бойынша тек қана айтатыным – бізде екі іс бар. Біреуі бойынша 5 жыл бұрын сот үкімі шыққан.
Екіншісі – осы Т.Арданның ісі. Түркияда қамақта отырғанын жаңа айттым. Ал сіз айтып отырған басқа адамдар туралы менде ешқандай ақпарат жоқ, мен білмеймін. Ол туралы басқа қылмыстық қудалау органдарынан сұрау керек, - деді Әсет Шындалиев.
Еске салсақ, ҰҚК LRT салу жобасы арқылы мемлекетке 85,9 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталған Талғат Арданның Түркияда ұсталғанын мәлім еткен болатын.
Фото: Радмир Фахрутдинов / Liter.kz

Ең көп оқылған
