Мал ұрлығы: Катонқарағайға ІІМ мен Бас прокуратура барады

Malim Админ

  • 17.02.2025

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы мал ұрлығының дауына байланысты Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның өкілдерінен құралған топ тексеруге барады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Мәжіліс депутаттарының сауалына жолданған жауапта айтылған.

Министрліктің жауабында Шыңғыстайдағы мал ұрлығы туралы әлеуметтік желіні дүрліктірген видео қолдан ұйымдастырылғаны айтылған.

Қаңтар айында Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылы тұрғындарының өтініші бойынша тиісінше жедел ден қою қамтамасыз етілді. Облыстық полиция департаменті басшылығы және арнайы жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, тиісті тексеріс жүргізді. Олардың уәждері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстың кодексінің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және жүргізілуде. Оның шеңберінде мал ұрлығын жасауда күдік бойынша осы ауданның екі тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен олар қамауға алынды. Одан басқа, тергеу барысында үш ауыл тұрғыны қоғамдық резонанс тудыру үшін өз ауылдасын (К.С. Кабдрасилов) заңсыз бас бостандығынан айырып, өміріне қауіп төндіріп, оны жер дауына байланысты келіспеушіліктері болған жергілікті кәсіпкердің малын ұрлауға қатыстылығы туралы бейнеүндеу жазуға мәжбүрлегені анықталды. Бұл факті бойынша да Қазақстан Республикасы ҚК-нің 126-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті үш адам сот санкциясымен қамауға алынды, - деп жазады бірінші вице-министрі Бауыржан Әленов.

Аудандағы ахуалдың ақ-қарасын анықтау үшін Астанадан арнайы топ аттанбақ.

Заң және Тәртіп» қағидатын сапалы іске асыру және қамтамасыз ету шеңберінде жақын арада Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданына Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның қызметкерлерінен құрылған топ қосымша тексеруді ұйымдастыру үшін жіберіледі, - деп жазылған жауапта.

Фото: naryk.kz   

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды