Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Malim Админ

  • 11.05.2025

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлім етті.

Министрлік 2025 жылғы 27 наурыз күні Атырау облысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның ішінде мемлекеттік туды қорлау фактісі бойынша Атырау облысының ішкі істер департаментімен, Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Атап айтқанда, сауда үйлерінде, кинотеатрларда, халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы бейнероликтер арқылы ақпараттық насихатталып жатыр, — деп жауап берді агенттік жолдаған ресми сауалға Қанат Ысқақов. 

Одан бөлек, министрлік «Ozon.kz», «Wildberries.kz», «Temu.kz» халықаралық онлайн платформаларына, «Kaspi.kz» «Halyk.kz» «Jusan.kz» «Freedom.kz» банкі және басқа да қазақстандық интернет дүкендеріне ресми хат жолдап, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырған.

Сонымен қатар, қолданыстағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 458-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделгенін мәлімдейміз, — дейді ол.

Еске салсақ, биыл наурызда Атырауда өзге тілде жазылған жазуы бар мемлекеттік тумен фотоға түскендер ұсталды. Артынша, әлеуметтік желіде таралған фотоға байланысты мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Фото: olympic-astana.kz 

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

02.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ozon және Wildberries арабша жазу басылған Қазақстан туын сатуға арналған хабарландыруды жойды

01.05.2025

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ozon және Wildberries арабша жазу басылған Қазақстан туын сатуға арналған хабарландыруды жойды

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды