Мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделген

Арман Қайыпхан

  • 14.02.2025

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мопедті тіркеу ережелері қандай? Қандай құжаттар керек?

Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеріп, сондай-ақ оны тіркеу (0,25 АЕК) және тіркеу туралы куәлік (1,25 АЕК) пен мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК) үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Егер ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркеуге болады?

Ешқандай құжат немесе VIN-код болмаған жағдайда я болмаса қандай да бір себептерге байланысты мопедтің шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаса, оны ішкі істер органдары тексеру жүргізгеннен кейін береді. Бұл ретте оны қарап-тексеру жүргізілген жыл мопедтің шығарылған жылы болып есептеледі, - деді спикер.

Мопедті басқару үшін куәліктің қандай санаттары қажет?

"Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес мопедті басқару үшін А1 санаты бар куәлік қажет. Егер жүргізушінің А немесе В санатындағы куәлігі болса, ол да мопедті басқара алады, - деді полиция полковнигі.

Мопедтерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері қандай тәртіппен беріледі?

Мопедтерге мемлекеттік нөмір беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, яғни жүйе автоматты түрде нөмірді таңдайды. Мысалы, дәл осындай тәсіл мотоциклдерге де қатысты қолданылған,-деп жауап берді ведомствоның ресми өкілі. ⁠

5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделген?

Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген (10 АЕК айыппұл), - деді спикер.

Байланысты жаналықтар

Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

22.02.2025

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

21.02.2025

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

20.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

20.02.2025

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

20.02.2025

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

20.02.2025
MalimBlocks
Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

Егер транзакциялар саны күдікті болып көрінсе, банктер қосымша ақпарат сұрауға және қаражаттың шығу көзін зерттеуге құқылы

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды