Несиесін төлей алмай жүргендер қайда баруы керек? Банк омбудсменінің жауабы

Malim Админ

  • 22.01.2025

Елімізде азаматтардың басым көпшілігінің шағымы тұтынушылық несиеге қатысты. Банк омбудсмені Дархан Нұрпейісов статистика келтіріп, ақпарат берді, деп хабарлайды Malim.kz.   


2024 жылғы 23 желтоқсаннан 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін 18 жұмыс күнінің ішінде 960 өтініш түсіп, оның 550-і тіркелді. Оның 95 пайызы тұтынушылық несиелерден туындаған келіспеушіліктерге байланысты. Жаңа жылға дейін шағымдар көп болмады, негізінен 6 қаңтардан бастап түсе бастады. Осы қысқа мерзімде осынша адам хабарласып отыр. Енді бір ай ішінде біз бұл шағымдарды қарап, шешім шығаруымыз керек,  деді ол.   

Нұрпейісовтің айтуынша, тіркелген 550 шағымның біразы әлі қаралмаған.   

Заңға сәйкес омбудсменге жүгінер алдында қарыз алушы банкке баруға міндетті. Яғни банкке немесе коллекторлық агенттікке барғанын дәлелдейтін құжаттары болуға тиіс. Шағымданғандардың көбінде ондай дәлелдер болмады. Сондықтан біз оларға кеңес беріп, банк немесе коллекторлық ұйымға қайтадан жібердік, деді ол. 

Еске салсақ, бұрын банк омбудсменінің өкілеттігі тек ипотекалық қарыздар, яғни кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша келіспеушіліктерді шешумен шектелді. 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап банктік қарыздардың барлық түрі бойынша шағымдарды қарайтын болды. 

Ал банктен несие алған адам қарызын өтей алмаса не істеу керек?   

Қиын жағдайға тап болса, ол банк омбудсменіне жүгінуге құқылы. Бірақ оған дейін ол банктің өзі немесе коллекторлық ұйымға баруы керек. Мәселесін айтып, өз ұсыныстарын бергені жөн. Банк 15 күннің ішінде қарыз алушының ұсыныстарын қарап, келісіп, келіспейтінін білдіріп, өзінің ұсыныстарын беруі керек. Содан кейін ғана азамат омбудсман қызметіне жүгіне алады. Ондай кезде біз қарыз алушының қаржылық жағдайын қарап, құжаттарын көріп, мән-жайға көз жеткізгеннен кейін бірге отырып, банкке ұсыныстарымызды жібереміз. Бұл ұсынысты банк қарап, жауабын беруі керек, деді ол.

Омбудсменнің араласуынан кейін де банк тарапы несие шарттарын қайта қараудан бас тартса,  қарыз алушы  мемлекеттік органға немесе сотқа жүгіне алады. 

Фото: Жансерік Күзембай  

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды