Павлодарда түнгі клубтың жанында жас жігіт соққыдан көз жұмды

Оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 12.08.2024

Павлодардағы түнгі клубтың жанында жастар жанжалдасып, салдарынан 25 жастағы жігіт көз жұмды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Павлодардағы "Гоголь" түнгі клубының қасында болған. Облыстық полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Түнгі клубтардың бірінің жанында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орынына жедел жәрдем барғанымен, жігіт көз жұмып кеткен.

"Оқиға таң алдында болған. Жас жігітті әлдебіреулердің ұрып-соққаны туралы шақырту шамамен сағат 04.48-те түсті. Медициналық бригада жедел жеткенімен  соққы тиген азаматтың көз жұмғаны анықталды", – дейді  өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды