Пойызда ішімдік ішкен жолаушыларға айыппұл салынды

Арман Қайыпхан

  • 19.11.2024

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде құқық бұзушыларды анықтады.

- Көлік полицейлері тексеру барысында 40 және 43 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматтарының жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзғандығын анықтады.

Құқық бұзушы – жолаушылар акт бойынша пойыздан түсіріліп, полиция бөлмесіне жеткізілді. Олар алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 25 АЕК (92 300 теңге) айыппұл салынды, - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД-нің қызметкерлері 77 834 азаматты түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 6151, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 646 тұлға және т.б.

Фото: Aikyn.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды