"Қарағанды – Балқаш" автожолы төсемінен ақаулар анықталды

Антикордың араласуынан кейін "Қарағанды-Балқаш" автожолын қайта жаңарту кезінде анықталған ақаулар жойылды

Арман Қайыпхан

  • 20.08.2024

Жол құрылысы сапасына тұрақты ашық бақылауды қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде мониторингтік жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның құрамына уәкілетті органның, "Қазавтожол" филиалдарының, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы еріктілер кірді.

Қарағанды облысында "РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы" республикалық маңызы бар трассасын, "Қарағанды – Балқаш" және "Балқаш – Бурылбайтал" учаскелерін қоса алғанда, Жамбыл облысымен шекараға дейінгі сегіз автомобиль жолының құрылыс барысы талданды.

Топтың Шет ауданының маңындағы "Қарағанды – Балқаш" автожолының учаскесіне мониторинг жүргізу барысында жолды қайта жаңарту кезінде ақаулар анықталды.

Жабын ақауларының негізгі себебі – жабынның төменгі қабаты бойымен ауыр жүк көлігінің қозғалысынан түсетін жүктеме, өйткені қозғалыс жол қаптамаларының нақты аяқталмаған дизайны бойынша жүзеге асырылады.

Жол пайдалануға берілмеген, жұмыстар жалғасуда. Кемшіліктерді жоюды түрік қосалқы мердігерлері өз мойнына алды.

Ақаулар жойылды және сынақ нәтижелері стандарттарға (ҚР СТ 1225-2019 ) сәйкес келеді.

Жабынның жоғарғы қабатын 2024 жылғы 30 тамызға дейін аяқтау және жолды 30 қарашаға дейін абаттандыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жұмыс тобы жұртшылықпен бірлесіп, бизнес субъектілерінің қызметіне араласпай, ай сайын басқа объектілерге ұқсас сапарлар жүргізетін болады.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды