Қарағандыда есірткі саудалағандар ұсталды

Malim Админ

  • 10.12.2024

Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.  


Қараша айының соңында облыстың полиция қызметкерлерімен прокуратураның бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 41 және 53 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары ұсталды. Ұсталғандар қала аумағында есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткі тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың 7,6 келі гашиш екені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі заттарын сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Жыл басынан бастап Қарағанды облысы аумағында есірткі заттарын тарату және граффити арқылы жарнамалаудың бес дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыс аумағында ірі көлемдегі есірткі зертханасы жойылып, 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.

Фото:  Polisia.kz

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды