Қазақстан былтыр жүзден аса қылмыскерін Интерпол арқылы тапқан

2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілген

Мәди Саматұлы

  • 06.01.2025

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан астам қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелде табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкіс істер министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілген. Ал іздеуде жүргендер Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, АҚШ, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Испания, Ұлыбритания, Чехия, Швеция, Украина, Германия, Колумбия, Израиль, Бельгия, Греция, Италия, Доминикан Республикасы, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде анықталып, ұсталған.

Қылмыскерлер көбіне алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткімен байланысты қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, қарақшылық, экономикалық контрабанда, заңсыз ойын бизнесі мен салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстар және ұрлық үшін іздеуде болған, деп жазылған хабарламада.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

08.04.2025

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

03.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

Қазақстан мен Еуропалық одақ виза талаптарын өзара жеңілдету туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.